Атырау, 23 қараша 06:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақтау битум зауыты жылына 750 мың тонна битум өндіреді

1 106 просмотра
Сурет: ҚМГ

6 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысындағы «Caspi Bitum» БК ЖШС Ақтау битум зауытында болды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі. 

Жұмыс мәселелеріне арналған кеңесте зауыттың өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жобасы талқыланды. ЭЛОУ-АВТ қондырғысын жаңғырту жол битумы өндірісін жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Биыл қараша-желтоқсан айларында демонтаж жұмыстары басталып, кейіннен жаңа жабдық орнатылатын болады.

Қазіргі уақытта зауыт өтініштер мен келісімшарттар бойынша жол-құрылыс компанияларын битуммен қамтамасыз етіп отыр.

Асхат Хасенов кәсіпорында жүргізілетін жұмыстарды 2025 жылы жол-құрылыс маусымы басталғанға дейін аяқтау маңызды екенін атап өтті.

Ұлттық компанияның хабарламасында 2024 жылдың 8 айында зауыт 514 мың тоннаға жуық мұнай өңдеп, 192 мың тоннадан астам жол битумын өндіргені атап өтілген. Ендеше толық пайдаланылмаған зауыттың қуатын кеңейту неге керек?

Айта кетейік, компания бұған дейін 2024 жылдың бірінші тоқсанында 100 мың тонна жоспармен бар болғаны 29,5 мың тонна битум өндіргенін атап өткен болатын, дегенмен зауыт жылына 550 мың тоннаға дейін (110%) өндіруге дайын.

Сол кезде жол-құрылыс мекемелерінен өтінімдердің болмауы, зауыттан дайын өнімнің нашар таңдалуы және жүк тасымалдаушыларға уақытылы төленбеуі себеп болған деп көрсеткен болатын. Зауыттың толық пайдаланылмауының тағы бір себебі – жол құрылысына жыл бойына қаржы бөлінбеу. Жол компаниялары битумға тек қыста ғана емес, көктемде де белсенді түрде өтінім бермейді.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

6 қыркүйек, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.