Атырау, 23 қараша 06:14
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда полицейлер өртеніп жатқан үйден әйел адамды құтқарып қалды

Бейнежазба
1 491 просмотра

5 қыркүйек күні Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар 102 арнасына хабарлама  берген. Оқиға орнына дереу №5 Учаскелік полиция инспекторлары Руслан Ақтанов және Диас Абдрешов жетіп, өртеніп жатқан тұрғын үйде 56 жастағы әйел адамның қалып қойғанын біліп, ойланбастан терезе арқылы эвакуциялауға кіріскен, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Түтіннен қозғала алмай қалған әйел адам жедел әрекеттің нәтижесінде құтқарылды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер жалынды уақытылы сөндірді. 


6 қыркүйек, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.