Соттың баспасөз хабарламасында жазылғандай, талапкер Жылыой ауданының әкіміне су тасқынынан кейін келтірілген шығынды өтеу туралы комиссия шешімін заңсыз деп тану талабымен шағымданған.
Тұрғын жоғалған мүлкі үшін төленетін сомаға көңілі толмады. Бірақ соңында бәрі жақсы аяқталды: екі тарап медиация арқылы келісімге келді. Жауапкер жылжымайтын мүлікті тағы бір рет бағалауға және су тасқыны салдарынан келтірілген шығын көлемін қайта қарауға міндеттелді, ал талапкер талап арыз беруден бас тартты.
Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА