Атырау, 16 қыркүйек 23:55
 ашықВ Атырау +19
$ 479.38
€ 531.63
₽ 5.27

«QazaqGaz Aimaq» АҚ-дағы жаңа тағайындау

1 278 просмотра

Атырау өндірістік филиалының директоры болып Қайсар Рахметов тағайындалды. Ол 1983 жылы Атырау облысында туған. 

Еңбек жолын 2006 жылы Атырау облысының халыққа қызмет көрсету ортылығында қызмет көрсету залының бастығы болып бастап, кейіннен директор орынбасары лаузымында қызмет атқарған. 

2012 жылдан мемлекеттік қызметте, 
2012 жылы Атырау әкім аппаратында бөлім басшысы, 
2017-2018 жылдары ҚР қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары, 
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде сарапшы,
2020 жылы ҚР қаржы министрлігінде құжат айналымы департаменті директорының орынбасары, лауазымдарында қызмет атқарған. 

2012-2017 жылдар аралығында “КазТрансГаз Аймақ” АҚ Атырау өндірістік филиалында бөлім басшысы лауазымында қызмет атқарған. 

Тағайындалғанға дейін “Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті”ММ департамент басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

6 қыркүйек, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.