Тамыз айының соңында «Нұрсая» ықшамауданындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде биыл қарбыздың ең төменгі бағасы (келісі 69 теңге) тіркелді.
Бұл баға екі күн бойы сақталып, кейін 80 теңгеге дейін «өсті». Қазір де осы деңгейде тұр.
«Сарайшық» коммуналдық базарында күн сайын стендте базарда сатылатын әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі өнімнің бағасы көрсетіледі. Жоғарғы жағында көрсетілген екі өнімнің бағасы 6 айдан бері өзгеріссіз тұр.
Стендте бірінші сұрыпты бидай ұны 220 теңге, сәйкесінше бұл ұннан жасалған қалыптағы нан 90 теңге екені көрсетілген, ал іс жүзінде 120 теңге. Өлшенетін рожки 500 теңгеден 400 теңгеге дейін; қарақұмық жармасы 500 теңгеден 450 теңгеге дейін арзандаған; күріш сол бағамен – келісі 600 теңгеден сатылуда. Картоп 120-150 теңгеден 260-280 теңгеге дейін қымбаттаған. Асханалық сәбіз 170-200 теңгеден 210-230 теңгеге; пияз 110 теңгеден 160 теңгеге дейін қымбаттады. Қырыққабаттың келісі 180 теңге шамасында қалып отыр. Қант 500 теңгеден 380 теңгеге арзандады. Өсімдік майының литрі 750 теңге.
Шыны керек – сиыр еті (сүйекті төс-жауырын) қазір қымбат – 2700 теңге. Тауық етінің келісі 1200 теңгеден 1400 теңгеге дейін сәл қымбаттады. Жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% пастерленген сүт бұрынғы бағада қалды – литрі 350 теңге. Стендте айранның құны да өзгермеген: майлылығы 2,5% – 600 теңге.
Майлылығы 72,5% кем емес, толтырғыш пен өсімдік майы қосылмаған сары май – 900 теңге.
С1, С2 калибрлі тауық жұмыртқасы - 10 данасы 500 теңге.
«Экстра» ас тұзы – келісі 90 теңге.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ