Атырау, 11 қаңтар 17:04
 ашықВ Атырау -2
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

«Атырау-Ақпарат» 1 млрд теңгеден астам қаржыға жөндеуден өтеді

1 138 просмотра

Жайық жағасындағы «Атырау-Акпарат» ЖШС мекемесінің ғимараттарын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.  Серіктестіктің директоры Нұрболат ЕЛЕУСІНОВТІҢ айтуынша, ғимарат 2003 жылы пайдалануға берілгеннен бастап 20 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген. 

 - Бүгінгі таңда ғимараттың фасады, шатырлары, инженерлік, коммуналдық жүйесі де ескірген еді. Қайта жаңғырту жұмыстары барысында журналистер мен баспагерлерге жайлы орын, жаңа конференц-зал, студиялармен жабдықталатын болады. Жұмыстар келесі жылы көктем айының ортасында аяқталады, - деді Нұрболат Елеусінов. 

Ғимаратты күрделі жөндеуге тапсырыс беруші - Атырау облыстық құрылыс басқармасы. Қайта жаңғырту жұмыстарына бюджеттен 1 млрд 573 млн 769 мың теңге қаралып, "ARSM" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер атанған. 

Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес, мердігер мекеме жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген қажетті еңбек ресурстарының 20 %-ын Атырау облысының, қаласының немесе ауданының жұмыспен қамту орталықтарында және әлеуметтік бағдарламалар орталықтарында тіркелген жұмыссыз азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге міндеттеледі. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

5 қыркүйек 2024, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.