Атырау, 23 қараша 09:40
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АМӨЗ-де өрт шықты (АМӨЗ комментарийі)

1 134 просмотра

Атырау облысы экология департаменті бастығының орынбасары Ерлан ЕСЕНОВТЫҢ берген мәліметі бойынша, 2024 жылғы 4 қыркүйекте сағат 21:30-да Атырау мұнай өңдеу зауытындағы қондырғылардың бірі тоқтап қалды. 

Қондырғы "бутенді олигомеризациялауға" арналған, ол "ребройлер Е-1604-тің жіберіп тұрғанынан"  тоқтап қалған. 

Атырау тұрғындары мұндай техникалық тетіктерді түсіне қоймас. Ал мына өрт экологияға аса зиян келтіріп, тұрғындардың денсаулығына әсер ететінін айдан анық біледі.

"Апатты жағдайдың алдын алу үшін қондырғының отын жүйесі факелге бағытталды. Өндірістік процесті қалпына келтіру жұмыстары жасалып жатыр. Нәтижесі бойынша қосымша хабар беріледі", - деп жазылған экология департаментінің хабарламасында.      

Сонымен қатар, бұл дерек бойынша зауытта болған оқиғаны егжей-тегжей тексеру жүріп жатыр деп хабарланды. АМӨЗ жақын арада баспасөз хабарламасын таратады деп айтылды. 

Кейін АМӨЗ осы жағдайға қатысты өз хабарламасын таратты

Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) 4 қыркүйекте сағат 21.30-да қондырғының Е — 1604-жылу алмастырғыш аппаратынан газ кетуі себебінен бутендерді олигомеризациялау қондырғысы тоқтатылды. Туындаған мәселені жою жоспарына сәйкес реактор блогы жүйесін газ қалдықтарынан алау құбырына тастау арқылы босату қажет болды. Алаудағы көмірсутек газы жанған кезде зиянды қоспалар түзілмейді. Құрамы бойынша бұл газ күнделікті өмірде қолданылатын тұрмыстық сұйытылған газға ұқсас. Кәсіпорындағы жағдай бақылауда, ауадағы күкіртсутек, азот диоксиді және күкірт диоксиді рұқсат етілген шекті нормалардан аспайды.

Қазіргі уақытта газ жіберу фактісі жойылды. Қондырғыны іске қосу жүргізілуде. Технологиялық қондырғы штаттық өндірістік режимге шығады деп күтілуде.

АМӨЗ-де модернизациядан кейін күкірт диоксиді шығарындылары 12 есе азайғанын атап өтеміз. Өз кезегінде, Tazalyq жобасын іске асыру нәтижесінде зауыттың өнімділігі едәуір өсті (мұнай шламын өңдеу көлемі айына орта есеппен 12 мың текше метрді құрайды), ал зиянды заттардың шығарындымы ең төменгі мәндерге дейін қысқарды. Жетілдірілген тазарту жүйелері арқылы өтетін су булану өрістерінің тіршілігін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ең қатаң экологиялық стандарттарға сәйкес келеді. Tazalyq жобасы судың сапасын жақсартып қана қоймай, аймақтағы табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіруге жағдай жасады.

Анықтама:

Бутенді олигомеризациялаудың технологиялық қондырғысы сұйытылған мұнай газының қанықпаған қосылыстарын полимер бензин мен полимеркеросинге айналдыруға арналған. E-1604 жылу алмастырғыш аппараты — химиялық реакциялардың тиімді жүруі үшін қажетті температураны ұстап тұруға көмектеседі. Содан кейін алынған олигомерлер әртүрлі мұнай өнімдерін, соның ішінде жанармай мен жоғары октанды отын компоненттерін өндіру үшін қолданылады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

5 қыркүйек, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.