Атырау, 23 қараша 09:36
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

QazaqGaz Анабай кен орнында жаңа ұңғыманы бұрғылауға кірісті

Сурет
1 293 просмотра

«QazaqGaz Барлау және өндіру» ЖШС девондық горизонттан газды ашу және өндіру, кен орнын игерудің экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында Анабай кен орнында №17 ұңғыманы бұрғылауды бастады.

Анабай кен орнын игеру жобасына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін жобалық тереңдігі 3500 м бірнеше ұңғыманы бұрғылау көзделген.

Алдын ала барлау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде коллекторлардың сүзу-сыйымдылық қасиеттерін нақтылау үшін стандартты және арнайы зерттеулер кешенін жүргізе отырып, іріктеу жоспарланған.

Айта кетейік, QazaqGaz ұлттық компаниясы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау аясында және компанияның даму стратегиясына сәйкес ресурстық базаны кеңейту бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Қытайда бұрын қол қойылған құжатқа сәйкес, ұңғымаларды салуға мамандандырылған СИБУ инженерлік бұрғылау компаниясы жобаның мердігері болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Анабай газ кен орны 2023 жылдың қараша айында пайдалануға берілген болатын. "Qazaqgaz Барлау және өндіру" ЖШС кен орнын жабдықтады, үш бұрғыланған ұңғыманы консервациялады, сондай – ақ "Анабай-Жарқұм" газ құбырын салды.

4 қыркүйек, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.