Атырау қалалық прокуратурасы қызметкерлері жүргізген тексеру барысында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.
Үш білім беру мекемесінің – №36 мектеп-гимназия, И.Тайманов атындағы №27 мектеп және Б.Нысанбаев атындағы мектептің есепшілері 2022-2024 жылдар аралығында жалпы сомасы 81,3 миллион теңгені қалтаға басқан.
Ұрлықты прокуратура анықтап, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру») бойынша одан әрі тергеуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кірісті.
Атырау қаласының прокуроры Руслан АЙТИМОВТЫҢ айтуынша, сотталушылар өз кінәсін толық мойындады. Сот олардың жазасын өтеуді бес жылға кейінге қалдырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 3 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салу туралы үкім шығарды.
Бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағым жасалған жоқ. Сонымен қатар, бүгінде бюджетке 7,1 млн теңге қайтарылды.
Лев ГУЗИКОВ