Атырау, 22 қараша 06:54
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Мәскеу әуежайында енді шетелдік туристердің саусақ ізі алынады

497 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Мәскеу әуежайларында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап Ресей астанасына келетін шетелдіктердің биометриялық деректерін жинауды енгізу мәселелері жоспарланып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Коммерсантқа сілтеп.

«Шереметьево, Домодедово, Внуково және Жуковский әуежайларында Ресейге келетін шетелдіктердің биометриялық деректерін жинау эксперименті басталуы мүмкін», - деп хабарланды үкімет мәліметінде.

ФСБ шекара қызметінің қызметкерлері шекара бекеттерінде цифрлық фотосуреттер мен саусақ іздерін жинайтын болады.

Ескере кету керек, Беларусь азаматтарына, алты жасқа дейінгі балаларға, дипломаттарға және олардың отбасы мүшелеріне, «халықаралық ұйымдардың және олардың Ресейде аккредиттелген өкілдіктерінің қызметкерлеріне» ерекшеліктер жасалады.

Ресей Федерациясының Цифрлық даму министрлігі эксперимент сәтті болса, бұл ережелер тұрақты түрде қолданылатынын атап өтті.

3 қыркүйек, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.