Атырау мұнай өңдеу зауытындағы кадрлық тағайындаулар туралы кәсіпорынның корпоративтік басылымында жарияланған.
Құқықтық қамтамасыз ету және құжаттама департаментінің директоры болып Сара ҚАРАКУЗИЕВА тағайындалды. Ол бұған дейін Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында, Алматы Әділет басқармасында, Атырау қалалық сотының судьясы, астаналық сотта судья қызметтерін атқарған.
Корпоративтік қауіпсіздік бөлімінің басшысы болып Аманжан ТАУАСАР тағайындалды. Бұған дейін «Самұрық-Энерго» АҚ қауіпсіздік департаментінің директоры, «Өзенмұнайгаз» АҚ корпоративтік қауіпсіздік департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
Әкімшілік бөлімнің басшысы болып Нұр-Мұхамед УӘЛИТХАНОВ тағайындалды. Бұған дейін ол Атырау облысының Әділет департаментінде, «Болашақ Атырау» ЖШС-де НҚА бойынша үйлестіруші, «Бюро Веритас Қазақстан Индастриал Сервисез» ЖШС-де нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші болып жұмыс істеген.
Райымбек ЖӘНІБЕКОВ баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.