Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев өзінің парақшасында бөлісті.
Бисембиевтің мәліметінше, 2023 жылы Атырау қаласы маңынан 20 гектардан астам жер телімін бөліп, ғылыми негіздеме жасау жұмыстары басталған.
Бүгінгі таңда республикалық Ботаника және фитоиндустрия институты жаңа парктің ғылыми негіздемесін әзірледі. Ендігі кезекте экология министрлігінен тиісті келісім алып, жобалау жұмыстарына кірісу қажет. Барлық құжаттарды рәсімдеген соң, құрылысқа кірісетін боламыз, деді Бисембиев.
- Әкімдіктің көптен бері қолдау білдіріп жүрген тағы бір жобасы - қазақ әдебиетін, соның ішінде жергілікті жазушыларымыздың туындыларын аудио нұсқаға аударып, танымал платформаларға жүктеу. Осыған байланысты Bookmate қосымшасымен келісімге келіп, алғашқы 4 кітаптың аудио нұсқалары жасалып, қосымшаға жүктелді. Алдағы уақытта тағы 30-дан астам кітапты енгізетін боламыз.
Облыс әкімінің орынбасары бұл бастамалар – әкімдіктің жүзеге асырып келе жатқан көптеген жобаларының бірегейі екенін мәлімдеді.
- Жобалар белсенді азаматтардың ұсыныстарымен басталды. Олардың сәтті жүзеге асуы үшін қоғамның назарында болуы маңызды, деді Бисембиев.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ