Атырау, 23 қараша 09:35
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда екі мектеп «миналанды»: жарылғыш зат табылмады

Бейнежазба
1 122 просмотра

Атырау облысы полиция департаменті Атырау қаласындағы 2 мектепте жарылғыш зат бар деп келген хабарлама бойынша дереу анықтап-тексеру және эвакуациялау жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды.

Оқиға орнына құзырлы құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмылдырылды.

Жүргізілген жедел әрекет нәтижесінде ғимараттан ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ. Жалған хабарлама беру дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті тұлғаны анықтау үшін кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Департамент қазіргі таңда қаладағы барлық мектептердегі қауіпсіздік полицияның жіті бақылауында екенін атап өтті.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, яғни терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау дерегі бойынша бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


3 қыркүйек, 02:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.