Атырау, 22 қараша 06:03
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қырғызстанда бетті бүркейтін киім кигендерге айыппұл салынбақ

509 просмотра

Сондай-ақ, елде діни негіздегі саяси партиялар құруға тыйым салынбақ, деп хабарлайды Informburo.kz.

Қырғызстанда дін саладағы заңнамалық актілерге өзгертулер енгізуді көздейтін құжат жобасы қоғамның жария талқысына ұсынылды. Қарастырылып отырған өзгерістердің бірі киім кию мәдениетіне қатысты.

Атап айтқанда, бетті бүркейтін және адамның кім екенін тануға мүмкіндік бермейтін киім кигендерге 20 мың сом көлемінде (шамамен 115 мың теңге) айыппұл салынуы мүмкін. 

24.kg жазуынша, айыппұлдан еңбек және кәсіби қызметіне байланысты немесе медициналық қажеттіліктер бойынша бетін бүркемелегендер ғана босатылады. Ал қалған жағдайда қоғамдық орындарда және мемлекеттік мекемелерде мұндай киім кигендерге айыппұл салынуы тиіс. 

Сондай-ақ, құжатқа енгізілуі мүмкін өзгерістер діни негіздегі саяси партиялар құруға тыйым салуды және саяси партиялардың діни қызметпен айналысуына тыйым салуды да қарастырады. 

Сәйкесінше, саяси партиялар атауында немесе логотипінде діни сөздер мен бейнелерді қолдана алмайды. Сондай-ақ, олардың үгіт-насихат жұмыстарында діни материалдар мен олардың элементтерін қолдануына тыйым салынады. 
Еске салайық, бұған дейін дейін қырғыз парламентінің депутаты Шарапатқан Мәжитова әйелдердің бетін толық жасыратын паранжа не өзге де киім киіне тыйым салуды ұсынған болатын. Ал Өзбекстанда мұндай тыйым заңды негізде күшіне енді. 

2 қыркүйек, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.