Атырау, 20 қыркүйек 05:10
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

​ҰҚК Шекара қызметі​ тамызда шамамен 5000 заң бұзушыны анықтады

253 просмотра
Сурет: gov.kz

ҰҚК Шекара қызметінің 2024 жылғы тамыз айындағы іс-қимыл нәтижелері туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы тамызда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Шекара кеңістігінде 4 985 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыны ұстады, оның ішінде:
- 36 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
- 48 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін. 

Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
- 48 – есірткі заттары
- 103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі); 
- 27– діни әдебиет (492 дана); 
- 664 – жалпы сомасы 108 млн теңгеден асатын жанар-жағар май материалдары (107 000 литрден астам); 
- 729 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары; 
- 175 – жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам валюта. 

Каспий акваториясында 9 браконьерлік фактілерінің алды алынды:
- 7 дана жүзу құралдары; 
- 8,3 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары; 
- 14 дана (50,5 кг) бекіре тұқымдас балықтар; 
- 311 дана (716 кг) ұсақ тұқымдас балықтар;
- 38 дана су тасбақасы.

Алды алынған залал сомасы 19,4 млн теңгені құрайды. 

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.

2 қыркүйек, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.