Атырау, 23 қараша 09:26
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ақжар-2» шағын ауданында №44 мектеп-гимназиясы бірінші сынып оқушыларына есігін айқара ашты

Сурет Бейнежазба
1 203 просмотра

1 қыркүйекте «Ақжар-2» шағынауданында №44 мектеп-гимназиясы 1-сынып табалдырығын аттаған 70 балаға есігін айқара ашты.

Салтанатты шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен білім саласының ардагерлері қатысты.

Қонақтардың қатарында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ те болып, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

- Бүгін Ақжар-2 шағынауданының тұрғындары үшін  қос мереке  – жаңа мектеп-гимназия ашылды. Бүгін соның куәсі болып отырмыз. Енді оқушыларымыз алысқа қатынамайтын болды. №44 мектеп-гимназиясы балаларымыздың сапалы білім алатын орнына айналады деген сенімдемін. Алдағы оқу жылы толағай табыстар мен игі жақсылықтарға толы боларына сенімім мол , – деді Жасұлан Бисембиев.

№44 мектеп-гимназиясының директоры Абай Ақмурзиевтің айтуынша, бір ауысымда алты жүз оқушы білім алады. Түстен кейін қосымша сабақтар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сұраныс артқан сайын екінші ауысымда қосымша сыныптар ашылуы әбден мүмкін, өйткені жақын маңайда шағынаудандар қарқынды түрде салынып жатыр. Сонымен қатар, өткен оқу жылына дейін басқа оқу орындарында білім алғандардың арасында талапкерлер де бар.


Абай Ақмурзиев түсіндіргендей, №44 мектеп-гимназиясында 1-11-сыныптар аралығында толыққанды білім беру үдерісіне барлық жағдай жасалған. Мұнда отыздан астам оқушы сыныбы, оннан астам зертханалық жұмыс кабинеттері, спорт залы мен ойын алаңдары бар. Мектеп 200 орындық акт залымен, асханамен, толық жабдықталған ағылшын тілі кабинетімен, лингафон кабинетімен, еңбекке үйрету шеберханаларымен және жеке атыс тирі бар алғашқы әскери дайындық кабинетімен жарақталған.

Шеберханаларда қыздар аспаздық және тігіншілік (асхана жабдықтары бар), ал ұлдар ағаш ұстасы мен токарлық (станоктар мен тігін машиналары бар) мамандықтарын оқи алады.


1 қыркүйек, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.