Атырау облысында су деңгейі төмендеп, арналарда қалып қойған шабақтарды құтқару жалғасуда.
27-28 тамыз аралығында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Индер ауданындағы бөлініп қалған шалшық сулардан 1 миллион 280 мың шабақты құтқарып қалды. Маломокриый каналынан 37 мың шабақ шығарылып, Жайыққа жіберілді.
30 тамызда Соколок каналынан 17 мың шабақ құтқарылып, кейін олар да өзенге жіберілді.