Атырау, 5 ақпан 15:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49

Атырау облысының спортшылары ​5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аттанды

1 795 рет қаралды

100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілетін додада атыраулық 3 спортшы ел намысын қорғайды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олар - Сарсенғалиев Нұржан –  Алыш күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы

Арман Қошқаров -  Құсбегіліктен Қазақстан Республикасының спорт шебері

Марат Бексұлтанұлы – дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері.  

Атыраулық көшті Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы, батыр Сұңғат Закарияев  бастап барады. 

Делегация құрмында 3 спортшыдан бөлек, 10 елші және спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген белсенділер мен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының өкілдері бар. Олар елорда да тарихи-өлкетану мұражайының арнайы экспозициялық көрмесін құрады. Оған өңірден талантты қолөнершілер қатысады. Сондай-ақ,
11 қыркүйекте  атыраулық өнерпаздар гала-концертте өнер көрсетеді.


31 тамыз 2024, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.