Атырау, 23 қараша 09:21
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мемлекеттік сараптама орталығы күзетшісінің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

1 409 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Әлеуметтік желіде атыраулық блогерлердің Мемлекеттік сараптама орталығының күзетшісін балағаттаған видеосы тарады. Жанжалдан кейін күзетші көз жұмған.

Полиция департаменті бұл фактіге қатысты тергеу амалдары басталғанын айтты.

Еске салсақ, блогерлер мекемеге рұқсатсыз кірмек болған. Алайда олардың кіруіне күзетші қарсы болады. Екі блогердің бірі ер адамға дөрекі сөздер айтады. Осы жанжалдан кейін 58 жастағы күзетшінің қан қысымы көтеріліп, ауруханаға жеткізіліп, ауруханадан қайтыс болған. 

Қайғылы оқиғаға байланысты Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат берді.  

“Атырау қалалық полиция басқармасы тарапынан желіде таратылған фактіге қатысты тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта мән-жайлар анықталуда. Дегенмен, аталған фактіге қатысты бұдан алдын ешқандай арыз-шағым түспегенін хабарлаймыз” - деп жауап берді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТ. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

1 қыркүйек, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.