Атырау, 23 қараша 09:36
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда Конституция күні аталып өтті

Сурет Бейнежазба
1 523 просмотра

30 тамыз - ҚР Конституциясы күніне орай  «Ата Заңым - айбыным» атты салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Конституция - Отанымыздың берік іргетасы.  Егемендігі баянды болып, әлемдік қауымдастықтың беделді мүшесіне айналған, демократиялық дамудың сара жолына түскен Қазақстанның саяси, әлеуметтік, экономикалық табыстарына негіз болып отырған да — конституциялық қағидаттар. Ата заңымыздың тарихи тамыры терең екені – біз үшін мақтаныш әрі мәртебе. Бабаларымыз ежелден ақиқаттың байрағын желбіретіп, елімізде әділдіктің салтанат құрғанын құп көрген. Ата Заңға құрмет - егемендігіміз бен елдігімізге құрмет. Конституцияны тірек ету, заңды сыйлап, оған бағынатын саналы азамат боп қалыптасу – толеранттық, тұрақтылық пен ынтымақтың белгісі. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Конституция күні — біздерді елдікке, жасампаз істерге бағыттайтын айрықша дата. Баршаңызды осы қастерлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын!-деді С.Шәпкенов.

Шарада Серік Шәпкенов түрлі сала қызметкеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 9 тамыздағы №619 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығына сәйкес, еліміздің құрылыс саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Атырау жолдары» ЖШС механизаторы Қайрат Айтмұхамбетов пен «ЭрЛи» ЖШС сарапшысы Сілемғали Смағұловқа «Құрмет» орденін тақты.

«БатысАльянсСтрой» ЖШС машинисі Рахымжан Қазиевке  ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені және   «TSG Construction» ЖШС учаске бастығы Бауыржан Жұмағалиевке, «БатысСтройСервис» ЖШС инженер-құрылысшысы Сырым Молдағалиевке, «Павлодар өзен порты» АҚ учаске шебері Бауыржан Нұрғалиевке, еңбек ардагері Төлеп Орынбасаровқа «Ерен еңбегі үшін» медалін табыс етті.

Сондай-ақ, жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің 2024 жылғы 17 маусымдағы №4
бұйрығымен «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен Жылыой ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімінің бас
маманы Гүлжайна Дюсова, Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов, облыс әкімі аппаратының
ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің
бас маманы Марфуға Шапабаева марапатталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 5 тамыздағы №507 бұйрығымен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі Атырау облыстық перинаталдық орталығының аккушер-гинекологы Мақсат Тұғанбаевқа, Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының медициналық бөлім бойынша орынбасары Меруерт Айдархановаға, Атырау облыстық перинаталдық орталығының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Әлішер Абатовқа берілді.


Сонымен қатар, аймақтың әлеуметтік-экономикалыш дамуына үлек қосқан бірқатар мемлекеттік қызметкер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.


30 тамыз, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.