Атырау, 23 қараша 09:03
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

2 миллиард теңгеден астам қаржыға тағы бір компания Жайық сағасын тереңдетіп жатыр

1 691 просмотра

Көктемде су тасқыны басталғанда Жайық өзенінің сағасын тереңдету мәселесі «ағымдық» мәселеден «өткір» мәселеге көшкен еді. Өйткені облыс билігі қала мен стратегиялық объектілердің су астында қалуынан қауіптенген болатын.

Сондықтан сәуір айында «Павлодар өзен порты» АҚ-нан басқа екінші қатысушы – жергілікті «DM Eco Caspian» ЖШС жұмысқа тартылды. ЖШС Приморск каналының теңізге шығатын жерін тереңдету жұмыстарымен айналысқан. Ол жерде екі амфибиялық экскаватормен әлі де жұмыс істеп жатыр екен.

Бұған дейін «АЖ» Жайық сағасына Павлодар өзен порты мен астрахандық компанияға тиесілі жалға алынған бір амфибиялық экскаватор кіріскенін айтқан еді. Жайық-Каспий бассейнін тереңдету жұмыстарына қатысты барлық жұмысты қадағалайтын республикалық мемлекеттік қазыналық «Қазақстан су жолдары» амфибия экскаваторларын сатып алмағандықтан, «DM Eco Caspian» серіктестігінің екі амфибияны ресейлік компаниядан жалға алған деп болжауға болады. Теңіз класындағы балшық соратын өз кемесін жасау мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр. «Бүгінде Ресей мен Қытайдың кеме жасау ұйымдарына талдау жүргізілуде», - делінген ҚР Көлік вице-министрі Мақсат ҚАЛИАҚПАРОВТЫҢ жауабында.

«DM Eco Caspian» компаниясымен шарт «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабының 4-тармағына және 3-тармағына («Төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшін қажетті қызметтерді сатып алу) сай жасалған. Яғни, облыстық ТЖ жедел штабының дабылы негізінде және бір көзден тендерсіз тікелей шарт жасау арқылы.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылыс бөлімі басшысының м.а. Ғ.АРЫСТАНОВА берген ақпаратқа сәйкес, «DM Eco Caspian» ЖШС жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Компанияның жұмысы 2 миллиард 400 миллион теңгеге бағаланды. Келісімшартқа сәйкес, Приморск каналының 49-шы шақырымындағы тереңдету жұмыстарының жалпы ұзындығы 10 мың метрді, ені - 20 метрді және тереңдігі - 2 метрді құрайды. Жұмысты орындау мерзімі - 2024 жылдың 31 қаңтары.

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, «DM Eco Caspian» ЖШС басшысы - Мәншүк ТЕМЕШЕВА. Заңды мекенжайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Қызыл Балық ауылы. Серіктестік 2004 жылы құрылған және қалдықтарды кәдеге жарату мен басқаруға бағытталған экологиялық қызметтерді көрсетумен айналысады. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

29 тамыз, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.