Атырау, 5 сәуір 1054
 ашықВ Атырау +21
$ 504.34
€ 556.34
₽ 5.97

Бәрі үшін бірі: палуан Рашид Мусин ардагерлер тұғырынан орын алды

1 845 просмотра

Астанада ардагерлер арасында грек-рим және еркін күрестен ҚР бірінші ресми чемпионаты аяқталды.

Турнирдің он қатысушысы мінген атыраулық көлік түрлі себеппен жарыс өтетін жерге жете алмай қалды. Турнирге Атырау облысының атынан грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген бапкері, қазіргі таңда «Барыс» балалар мен жасөспірімдер клубының директоры қызметін атқаратын Рашид МУСИН ғана қатысты.

 – Менің салмағымда төрт-ақ қатысушы болды. Мен Алматы өкілі Дмитрий Булахқа есе жібердім, ол ел чемпионы атанды. Дегенмен, ақтөбелік халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қадыржан Жанпейісов пен талғарлық спорт шебері Мұхтар Жанғозиннен басым түстім,  – дейді Р.Мусин.

Осылайша, Р.Мусин жеңіс тұғырынан екінші құрметті орынға көтерілді. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 тамыз 2024, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.