Атырау, 22 қараша 06:03
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Павел Дуров босап шықты

1 087 просмотра

Францияда тұтқындалған Telegram негізін қалаушы Павел Дуров сот залында қамаудан босатылды. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Француз басылымы BFMTV мәліметінше, бұл Дуров толықтай ақталды дегенді білдірмейді. 

“Тергеу судьясы бірінші рет жауап алу және ықтимал айыптау мақсатында Павел Дуровты қамауда ұстауды тоқтатты”, – делінген хабарламада. 

Желіде Дуровты сотқа апара жатқаны бейнелеген видео пайда болды. Кәсіпкер сот отырысына француз жандармериясының арнайы шағын автобусымен жеткізілген. Кадрлардан кортеждің кем дегенде алты көліктен тұратынын көруге болады.

Бұған дейін Франция прокуратурасы Дуровтың ағасы Николай Дуровқа іздеу жариялаған еді. Politico басылымының мәліметінше, Николай Дуров мессенджердің негізін қалаушылардың бірі болғандықтан іздеу жарияланған. Telegram желісіне балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасау ісі бойынша халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ полициямен ынтымақтастықтан бас тартты деген айып тағылған. 

Еске салсақ, бұған дейін Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Францияда ұсталғаны туралы жазған едік. Дуровқа Telegram-дағы контентті модерациялаудан бас тартқаны үшін терроризм, есірткі саудасы, ақшаны жылыстату сияқты ауыр қылмыстарға қатысы бар деген айып тағылған. 26 тамыз күні Франция соты Дуровты қамауға алу мерзімін ұзартқан еді. 


29 тамыз, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.