Индер ауданының алғашқы қоғамдық-саяси газеті ең алғаш 1934 жылы "Социалистік мал шаруашылығы" атауымен шықты.
1958-1994 жылы "Коммунизм туы", "Индер" деп өзгертілсе, 1994 жылдан бері "Дендер" болып таратылды. Ғасырға жуық газеттің тарихи тереңде.
Бүгінде өмір ағымынан қалып қоймай, ауданның проблемасын, тарихын тереңдете жазып келе жатқан журналистер еңбегі ұшан теңіз. Белгілі қайраткер "Газет-халықтың көзі, құлағы, хәм тілі" демекші, оқырмандарына апта сайын жол тартатын газеттің мазмұны артып келеді.
Осы айтулы күні аудандық әкімшілік бұрынғы моншаны күрделі жөндеуден өткізіп, редакцияға жеке ғимарат етіп сыйлады. Сонымен бірге облыс әкімдігі жаңа көліктің кілтін газет редакторы Жанай АМАНТУРЛИНГЕ табыс етті.
"Дендер дидары" атты меркелік шарада бірнеше ардагер де марапатталды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА