Жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристер көп келетін Индер ауданындағы Тұздыкөлде қазір келушілер үшін қолайлы жағдай жасалған.
Тұздыкөлге жету үшін шамамен 15 метр төмен түсу керек. Жарқабақтан түсіп шығудың өзі келушілерге қиындық туғызып жүрген болатын. Дертіне дауа іздегендер арасында қарт адамдар мен балалар да бар.
- "lnderTuzCompany" ЖШС көмек қолын созып, демеушілік танытты. ЖШС төмен орналасқан көлге түсу үшін баспалдақ пен тіреуіштер орнатты. Тіпті демалып отыру үшін отырғыш та қойылған. Сонымен бірге әжетхана, көлеңкелі шатырлар да орнатылды, - дейді аудан әкімі Дарын ШАМҰРАТОВ.
Атыраудан 180, Индербор кентінен 26 шақырым орналасқан Тұздыкөл бүгінде иесіздік қамытын киюде. Мұнда дертіне дауа іздеп келушілер үшін қолайлы жағдай туғызылмаған. Алайда тұздыкөлге келушілер саны артуда. Себебі, жанға жайлы қара балшығы, тұзды суы, сарқырай аққан Күркіреуік бұлағы бар.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА