Жазғы демалыс кезінде 40 км/сағ жоғары жылдамдықты автоматты түрде тіркеуді тоқтатқан мектеп жанындағы «Сергек» камералары 1 қыркүйекте іске қосылады.
Естеріңізге сала кетейік, жазғы каникул басталғанда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жазғы уақытта мектеп жанындағы камералар 40 км/сағ-тан жоғары жылдамдықты тіркемейді деп хабарлаған болатын.
Дегенмен, жылдамдықты шектеу белгісінің күші жойылмағаны айтылды. Мұны әр жүргізуші өзінше түсінді: 40 белгісін кейбіреулер спидометр тұсында үнемі сақтаса, ал басқалары жол-патрульдік қызмет көлігі көрінсе ғана сақтайды.
Жалпы, 1 қыркүйектен бастап балалардың қауіпсіздігі үшін мектептердің жанында жылдамдықты 40 км/сағ асырмай жүру керек.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА