Атырау, 23 қараша 09:40
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау қаласындағы екі көшені жобалауды алматылық ЖШС қолға алды

1 516 просмотра

Әңгіме Құнанбаев көшесі мен (Атырау – Орал тас жолынан) қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына апаратын жол  туралы болып отыр. Жобалауды «ЛМ Транспроект» ЖШС қолға алған.

Екі нысан бойынша жолдың жалпы ұзындығы 3,250 шақырымды құрайды: Ахмедияров көшесінің бойындағы жол (Азаттық даңғылынан Сатыбалдиев көшесіне дейін) – 1,100 шақырым, ал полигонға баратын жол 2,150 шақырым.

Бүкіл жол жабынын фрезерлеу, жол жиектерін бөлшектеу, жабындарды бөлшектеу, жол төсемінің ізін және шөгуін жою, арық науасын бөлшектеу және ірі  түйіршікті асфальтбетонның тегістеуші қабатын және қиыршық тасты-мастикалы асфальтбетоннан жабын қабатын орнату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ жол жиектері мен жиектастарды орнату, кеспе тастар төсеу және жаңа арықтар салып, таңбалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Айтпақшы, Атырау – Орал тас жолын жобалаумен де дәл осы компания айналысқан.

Келісімшарттың жалпы сомасы 576 млн 727 мың теңгені құрайды. Бюджеттен қаражаттың бөлінуіне қарай, жұмыстарды аяқтау мерзімі 12 ай. Бас мердігер: «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

27 тамыз, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.