Атырау, 23 қараша 09:05
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда мемлекеттік тілді үйренушілердің қатары көбейіп келеді

1 293 просмотра

Атыраудағы «Тіл» оқу- әдістемелік орталығында стандартқа сәйкес 5 деңгей бойынша үш тілді тегін меңгеруге болады. Бүгінде орталықтағы білім алушылардың ең жасы 18-де болса, үлкені 77 жаста. 

«Тіл» оқу- әдістемелік орталығы басшысының міндетін атқарушы Лаура ГАЗИЗОВАНЫҢ айтуынша, жыл басынан бері мекемелер мен жеке азаматтардың сұранысы бойынша 33 топ ашылған. 

- Бүгінгі күнге дейін сұраныс бойынша «Мемлекеттік тілді оқыту» курсына 18 топ, «Ағылшын тілін оқыту» курсына 13 топ, «Орыс тілін оқыту» курсына 2 топ ашылды. Қазір, осы топтарға бөлінген 300-ден аса ересек тегін білім алып жатыр. Алдағы уақытқа тұрғындардың өтінішіне сәйкес, «Мемлекеттік тілді оқыту» және «Ағылшын тілін оқыту» курстарына жаңа топтар ашылады, - дейді ол.

Орталықтан  былтыр  900 адам оқып шықса, биыл 950 адамды оқыту жоспарланып отыр. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

28 тамыз, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.