Қала маңындағы Еркінқала-2 ауылында 100-ден астам жаяу жүргіншілер белгісі бар ерекше көше пайда болды. Ал бұл белгілердің бәрі жобалық-сметалық құжаттама бойынша жасалған.
Еркінқалалықтар бұл жерді әзілдеп «пешеходный» деп атап үлгерген.
– Аталған жол белгілерін орнату белгіленген тәртіпте бекітілген және ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамадан өткен барлық құзырлы органдармен мақұлданған жобалық-сметалық құжаттама негізінде жүргізілді. Жобаны жүзеге асыру 2018 жылы басталып, қазір аяқталу сатысында. Жоба бойынша барлығы 49 көшеге 60,2 шақырым жол салынып, 1917 дана жол белгісін орнату көзделген, - деп жауап берді қала әкімі Шәкір КЕЙКІН.
Жол жобада қарастырылған полиция нұсқаулары негізінде жасалған. Белгі қиылыстардан өтудің басым құқығы бар жол учаскесі басталған жерге орнатылады. Елді мекендерде белгі басты жолдағы әрбір қиылыс алдында орнатылады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА