Атырау, 23 қараша 09:16
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысында мүгедектігі барларға берілген квота игерілмейді

1 036 просмотра

Жұмыс берушілер осы санаттағы азаматтарға вакансияларды толық бөлмейді.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Әбілқасымов мәлім етті.

- Біз жұмыс берушілерден мүгедектігі бар азаматтар үшін вакансия бөлуін сұраймыз. Жыл басында бөлінген жұмыс орындары бойынша жоспар бекітіп, оларға квота бөлеміз. Алайда, оны орындамайтын мекемелер бар. Қазіргі уақытта, оладың  тізімі анықталып прокуратураға және Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасына жолданды, - деді Әбілқасымов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 735 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілген. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулілерге  қайтарымсыз 18 грант беріліп, мүгедектігі бар 130 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздегі оқуға жолданды. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 тамыз, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.