Қала тұрғындары өнімді күзге дейін сатып ала алады.
Қазіргі таңда Қызылқоғалық шаруагерлерге әкімдік тарапынан егін шаруашылығын дамыту мақсатында аудан бойынша барлығы 8 тұрғынға 155 га жер телімі берілді.
Сонымен қатар, Миялы (15 га) және Жангелдин ауылы (5 га) маңынан егін егуге ниет білдіруші кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына 20 га жерге көктемгі дала жұмыстары кезінде арнайы техникамен (К-702, Соқа, Трактор Беларусь-920, тырма, Культиватор) көмек көрсетілді. Қызылқоғалықтар 39 тн картоп, 98 тн көкөніс, 121 тн бақша өнімдерін жинап алды.
Егіншілікті кәсіп қылған тұрғындардың бірі – Миялы ауылының тұрғыны Салауат Мұратұлы. Ол өткен жылдан бастап әкімдіктен жер алып, өнімін егіп жатыр. Биыл егіс алқабының көлемін ұлғайтып, электрлі мал қоршау, құс қашыратын құрылғылар алып, 3 адамды жұмыспен қамтыған. Шаруаның бүгінде бақша өнімдері сатылымға шыға бастады.
Қазіргі таңда егіншілер жинаған өнімдерін округтер мен сауда орындарына жеткізіп, тұрғындарға өткізіп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА