Атырау, 22 қараша 06:45
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Бірнеше азаматтығы бар Павел Дуровқа БАӘ қолдау көрсетпек

471 просмотра

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Парижде қамауға алынған Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың ісін бақылауда. Елдің Сыртқы істер министрлігі Франция үкіметіне Дуровқа консулдық қызмет көрсету туралы өтініш білдірді. Кәсіпкердің Ресей, БАӘ, Франция, Сент-Китс және Невис азаматтығы бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy kommersant.ru-ға сілтеме жасап.

«Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде БАӘ үшін басымдық - азаматтардың амандығын қамтамасыз ету, олардың мүдделерін қорғау және оларға барлық қолдау түрлерін ұсыну екенін атап өтті», - делінген БАӘ Сыртқы істер ведомствосының хабарламасында.

Павел Дуров 24 тамызда Париждің Ле Бурже әуежайында ұсталып, кейін қамауға алынды (оның мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды).

Іс 12 қылмысқа қатысы бар деген күдікке байланысты қозғалған, оның ішінде кәмелетке толмағандар порнографиясын тарату ісі бойынша тергеу органдарымен ынтымақтастықтан бас тарту, алаяқтық және есірткі саудасы бар.

Ресейдің Франциядағы елшілігі кәсіпкерге консулдық қолжетімділікті сұрағанын, бірақ француз билігінің «өзара әрекеттесуден жалтарып отырғанын» хабарлады.

27 тамыз, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.