Атырау, 20 қыркүйек 06:35
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Энергетика министрлігінің басшысы Shell басшылығымен Қашаған мен Қарашығанақты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

678 просмотра

Фото: gov.kz 

Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбі күні Shell компаниясының «барлау және мұнай мен газды игеру» бөлімінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен және Shell компаниясының Қазақстандағы төрағасы және аға вице-президенті Әли Әл-Джанабимен кездесті, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

Әңгімелесу барысында ҚР Энергетика министрлігінің басшысы Shell компаниясы республиканың стратегиялық серіктесі болып табылатынын және Қазақстан ағымдағы жобаларда да, жаңа мүмкіндіктерді анықтауда да әріптестікті одан әрі нығайтуға үміттенетінін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын одан әрі игеру мәселелерін талқылады.

«Республика Қашаған кен орнын игерудің одан әрі кезеңдерін уақтылы жүзеге асырудың стратегиялық қажеттілігін атап көрсетеді. Бұл ішкі нарықтағы өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін тауарлық газ өндірісін арттырудың басымдылығын ескерген жөн», - деді А.Сәтқалиев.

Сондай-ақ Қашағандағы 2А фазасын қуаттылығы жылына 2,5 млрд м3 газды өндіретін газ өңдеу зауытын салу тұжырымдамасымен іске асыру барысы талқыланды. Бұл жоба республика үшін өте маңызды.

Қарашығанақ жобасына қатысты оны одан әрі дамытудың маңыздылығы, сондай-ақ жылына 4,5 млрд м3 газ өңдейтін газ өңдеу зауытының құрылысы жобасының іске асырылуы атап өтілді.

Министр сондай-ақ компаниямен геологиялық барлау жобаларының болашағын бірлесіп зерделеу мәселесі бойынша стратегиялық серіктестік орнатуға үміт білдірді.

«Қазақстан мен Shell арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағыты өзгеріссіз қалады», - деп атап өтті А.Сәтқалиев.

26 тамыз, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.