Облыстағы бекітілген аңшылық алқаптарда аң аулау маусымы қыркүйекте басталып, ақпанның ортасына дейін жалғасады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазір аймақта 6 мыңға жуық аңшы тіркелген.
- 2021 жылдан бері аңшыларға Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарында аң аулауға рұқсат етілген. Оған аңшылық куәлігі, жолдамасы және қаруға рұқсат қағазы болуы шарт. Маусым кезінде жабайы шошқа, түлкі, қоян, борсық, қаз, үйрек, қасқалдақ, шіл, шалшықшы және кептер аулауға рұқсат етіледі, - деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Эльмира Құрманғалиева.
Аң аулау қағидатын бұзғандарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 382 бабымен 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.