Атырау, 23 қараша 10:27
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Атырау-Индер» бағытындағы тас жолда артық жүк тиеген жүргізушілерге айыппұл салынып жатыр

870 просмотра
Көрнекі сурет

Жылжымалы бекеттің көмегімен бір күнде артық салмақты 6 камаз анықталды, - деп хабаралйды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- Көліктерге 25 тоннаға дейін жүк тасымалдауға рұқсат етілген. Егер артында қосымша прицеп болса 40 тонна тиесілі. Ал, біздің нысанаға іліккен көліктерден 6-30 тонна аралығында артық салмақ анықталды. Олардың заңды иелерін анықтап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-ші бабы, 6 және 9-шы тармағымен хаттамалар толтырылады, - деді облыстық көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Батырбек Нұрбайұлы. 

Тас жолдың сапасына алаңдаған аудан әкімдігі карьер маңындағы кәсіпкерлерге де талапты күшейтпек 

- Кәсіпкерлердің өздерінде салмақ өлшеуіш құралдары болуы қажет және сол арқылы артық инертті материалдар тиелмеуге тиісті. Осы мәселе бойынша кәсіпкерлермен де түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірақ, олар бұл талапты тиісті деңгейде орындамай отыр. Сондықтанда рейдттік іс-шараны күшейтеміз, - деді аудандық ТҮКШ, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасов. 

Айта кетейік, рейдттік іс-шара 5-ші қыркүйекке дейін жалғасады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 тамыз, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.