Таиландта туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, борттағы жолаушылардың бәрі қаза болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шетелдік басылым мәліметінше, шағын ұшақ Бангкоктағы Суварнабхуми әуежайынан көтерілгеннен кейін 11 минуттан соң құлаған. Бортта Гонконгтан келген бес турист және төрт экипаж мүшесі болған.
Ұшақ Чачоенг-Сао провинциясындағы лайлы суға құлаған. Құтқару тобы оқиға болған күні кешке ұшақтың сынықтарын тапты. Олар кейін батпақты аймақтан мәйіт қалдықтарын тапқанын хабарлады.
Әзірге апаттың себебі хабарланған жоқ.