Атырау, 2 қыркүйек 21:58
 дождьВ Атырау +26.6
$ 458.45
€ 531.39
₽ 5.29

Бибісара Асаубаева Тбилисидегі шахматтан гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

1 246 рет қаралды

Қазақстандық спортшы Бибісара Асаубаева Грузия астанасы Тбилисидегі шахматтан гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы соңғы турда үндістандық Вейшали Рамешбабумен тең түсіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізген. Асаубаевамен қатар келе жатқан польшалық Алина Кашлинска қарсыласы Мария Музычуктен басым түсіп, 6 ұпай жинаған. Осылайша польшалық шахматшы алтын, қазақстандық шахматшы күміс медаль алды.

 Гран-придің осы кезеңін Асаубаева жеңіліссіз аяқтаған. Алдымен испаниялық Сарасадат Академалшариехті, кейіннен швейцариялық Александра Костенюкті жеңіп, қалған партиялардың бәрінде қарсыласпен тең тарқасқан.

26 тамыз 2024, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.