«Каспий құбыр консорциумы» АҚ мұнай айдау зауытында мұнай төгілу салдарынан мұнайдың жануын алдын алу мақсатында өрт тактикалық жаттығуы өткізілді.
Өрт тактикалық жаттығу барысында атқарылған іс–шаралар: өрт тактикалық жаттығу барысы пысықталып, магистральды мұнай құбыры нысандарындағы өртті жою кезінде өрт сөндіру қызметінің, нысан персоналдарының және басқа де қызметтердің өзара іс қимылын өрт кезінде күштер мен құралдарды басқару, сыртқы белгілер бойынша жағдайды бағалау, шешуші бағыттарды анықтау, өрт сөндіру штабын құру және оның жұмысын ұйымдастыру бойынша барлау жүргізілді
Жаттығудың тәжірибелік бөлімінің соңында, нысанның әкімшілігімен бірге егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Өртті сөндіру бойынша өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының іс әрекетін алға қарай жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Оқу-жаттығуға қатысқан барлық қатысушылар берілген тапсырманы орындай алды.