20 тамыз күні сағат 19:00 шамасында Атырау-Доссор тас жолында жол апаты болды.
Hyundai Sonata және Toyota Alphard көліктерінің қатысуымен орын алған. Hyundai автокөлігінің 1990 жылы туған жүргізушісі екінші жолға шығып кетіп, 1992 жылы туған азамат тізгіндеген Toyota көлігімен соқтығысты.
Соққыдан Toyota жол жиегіне шығып кетіп, алты жолаушы зардап шекті. Олар жедел жәрдеммен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА