Сұлтан Бейбарыс алаңында Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен балалар өнер фестивалінің гала концерті өтті. «Біз бақытты балалар, өнер сүйген» деп аталған гала концертте домбыра үйірмесіне қатысатын 500 бала күй орындады.
Бұған дейін жас өнерпаздар 19-20 тамыз күні «Эстрадалық вокал», «Хореография», «Аспапта ойнау» жанрлары бойынша бақ өзара бақ сынаған болатын. “Сұлтан Бейбарыс” алаңында барлық қатысушылар көрерменге өнерін паш етті. Фестивальдің мақсаты талантты жас орындаушыларды анықтау және қолдау, өнерге баулу, -дейді ұйымдастырушылар.
Шара аясында жезтаңдай әнші мен мың бұралған бишілер көпшіліктің қошеметіне бөленді,
кітап көрмесі, жергілікті қолөнер шеберлерінің туындылары көрмеге қойылды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ