«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директоры болып Нұрсейіт Союнов тағайындалды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппарат басшысы Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы Н.Союновты кәсіпорын ұжымына таныстырды.Бұған дейін Н.Союнов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.
Әр жылдары «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «Орал Ойл энд Газ» ЖШС-де басшылық лауазымдарда болды.Еңбек жолын 2001 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да оператор болып бастады.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ