Атырау, 23 қараша 10:34
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еркінқала-2 ауылындағы жолдарға асфальт төсеу аяқталды

862 просмотра

Еркінқала 2 елдімекенінде салынған автокөлік жолдарына толықтай асфальт төселді. Бұл туралы "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК АОФ бөлім бастығы Нұрлан Жантурин айтты.

Елдімекендегі жол құрылысы 2018 жылы басталған. Биыл жалғасын тауып, жалпы ұзындығы 60,2 шақырым автокөлік жолы салынды.

"АИС мердігер мекемесі жолға асфальт төсеу жұмыстарын толық аяқтады. Қазіргі уақытта жол жиектерін бекіту, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біздің филиал инженерлері бұл жолдарға 16 рет тексеріске шығып, құрылыс материалдарынан 89 сынама алды. Зертханалық сараптау нәтижесінде 34 сынаманың ҚР Стандарттарына сәйкес еместігі анықталған. Кемшілік жоқ" - дейді Н.Жантурин.

Атырау қаласы ішіндегі жол салу жұмыстары әлі де жалғасуда. Қазір Жастар көшесінен Еркінқала елдімекеніне дейінгі жолды қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл жол болашақта 4 жолақты болып кеңейтіледі, деп хабарлайды " Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК АОФ баспасөз хатшысы Ләззат ЕДІЛХАНҚЫЗЫ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 тамыз, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.