Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлайды: 21 тамыз күні сағат 10:30 шамасында 1993 ж.т жүргізуші маркасы Hyundai автокөлігімен Еркінқала көшесі бойында екінші дәрежелі жолдан шығып, оң жағында басты жолда келе жатқан 1992 ж.т азаматшаның басқаруындағы Toyota көлігімен соқтығысқан.
Соққы екпінімен электро бағанаға соқтығыс жасап, жол шетіне аударылып қалған. Toyota автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жедел жәрдем алып кеткен.
Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА