Атырау, 24 желтоқсан 22:45
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда қаржы пирамидалары сайтына 355 интернет сілтемесі бұғатталды

1 012 рет қаралды
Көрнекі сурет

Биыл өңірдің  өкілетті қызметтері алаяқтардың 59 сілтемесін анықтаған. Ал өткен жылы осындай сипаттағы 296 сайт бұғатталған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мамандар қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайтында көрсетілген күмәнді сілтемелерге талдау жасап,  былтырдан бері 355 сайтты бұғаттаған. Қазір, 
IT құралдары арқылы әлеуметтік желілерді бақылау жұмыстары жалғасуда.

-Қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің қатары көбейіп келеді. Оған басты себеп - қаржы сауатының төмендігі. Әйтсе де, осыған қатысты жүргізілген  қылмыстық істер былтырмен салыстырғанда азайған, – деді  экономикалық тергеп-тексеру департаментінің  басқарма басшысы Бекболат Анесов.

Анықтама үшін: біреу сізге күмәнді ұсыныс жасаса, оны дереу құқық қорғау органдары немесе Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігінің «Байқа пирамида» телеграмм боты арқылы анықтауға болады. Сондай-ақ, қаржылық мониторинг агенттігінің 14-58 сall орталығы жұмыс істеп тұр. 

Ескеріңіз, қаржы пирамидасын құрған адамға қылмыстық жауапкершілік көзделген және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қаралады.

21 тамыз 2024, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.