Атырау, 6 қазан 15:39
 дождьВ Атырау +19.7
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Қазақстандық балуандар Иорданияда өткен U-17 әлем чемпионатында екі күміс алқа иеленді

1 293 рет қаралды

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті. 

Грек-рим күресінен 51 келіде финалға шыққан Алпамыс Болатұлы ақтық сында америкалық Джэйден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміс медаль иеленді. 

Сондай-ақ, 80 келіде белдескен Еркебұлан Анапия финалда нейтралды спортшы Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жол берді. Еркебұлан да әлем біріншілігінің күмісін иеленіп отыр.

Ал 48 келіде қола медальға таласқан Едіге Төлеутаев 1:3 әзербйжандық Амрах Амраховтан ұтылды. 

21 тамыз 2024, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.