15 тамызда еліміздің барлық өңірінде өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Осыған сәйкес өрттің алдын алу және қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлеріне бірінші көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Бүгіндікке құтқарушылар еріктілермен бірлесіп, Атырау қаласы бойынша 15-ке жуық отбасыға түтін датчигін орнатты.
Аталған жұмыстар 1 ай ғана болмайды, бұл іс-шаралар 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.
ТЖД азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды сұрайды.