35 жасқа дейінгі Атырау жастарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған бағдарламаға өтінім беру 31 тамызға дейін eatyrau.kz порталы арқылы онлайн түрде жүреді.
Жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы - 20 000 000 теңгені құрайды. Несие 6 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен 19 жылға дейін беріледі. астапқы жарна мөлшері – тұрғын үй құнының 10% - дан басталады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
-ҚР-ның азаматтығы;
-Қатысушының Атырау қаласында тұрақты тіркелуінің болуы;
-Жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (болған жағдайда) өтініш берген кезде 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас;
-Бағдарламаға қатысушының және отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы;
-Зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен расталатын өтініш беру сәтінде кемінде соңғы бір жыл үздіксіз ресми жұмыс өтілі;
-Несиелеуге ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
Бағдарламаға қатынасушы санаттар:
-Денсаулық сақтау саласындағы мамандандырылған қызметкерлер;
-Білім беру саласындағы педагогика қызметкерлер;
-Мәдениет ұйымдарының мамандандырылған қызметкерлері;
-Спорт саласындағы ауданда жұмыс істейтін спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;
-ЖОО және ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
-Журналистер;
-Әлеуметтік сала атап айтқанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдардың қызметкерлері;
-Қаланың коммуналдық кәсіпорындарының/мекемелерінің қызметкерлері: электриктер, сантехниктер,т.б;
-Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандандырылған қызметкерлері;
-Қызмет саласына қарамастан аудан бойынша «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған 35 жасқа дейінгі азаматтар;
-Мемлекеттік қызметшілер;
-«Қазпочта» АҚ қызметкерлері, почташылар;
-ІІМ-нің, прокуратурасының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Бағдарламаны ұсынудағы басты мақсат – жастардың барынша тиімді шарттармен баспана сатып алуына жол ашу. Бұл қаламыздағы жастардың, әсіресе табыс көзі аз жас буынның үй алуындағы мәселесін оңынан шешуге мүмкіндік береді, деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігі.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ