2 шілдеде сағат 19-да Доссор-Құлсары автотрассасының 76-шы шақырымында Комсомол селосының маңында қайғылы көлік апаты орын алды.
«Фольксваген Шаран» көлігінің 40 жастағы жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, алдыңғы жағында келе жатқан «Урал» жүк көлігіне кіріп кеткен. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, апат салдарынан минивэннің үш жолаушысы – Маңғыстау облысы Бейнеу поселкесінің 49 жастағы тұрғыны, сол поселкенің 57 жастағы тұрғыны және Атырау қаласы Кеңөзек округіне қарасты Тасқала поселкесінің 37 жастағы тұрғыны алынған зақым салдарынан сол жерде қаза болды. Тағы бір жолаушы - Бейнеудің 67 жастағы тұрғыны Жылыой аудандық ауруханасына жатқызылды. Жол-көлік оқиғасының себебін тергеумен Жылыой АІІБ айналысуда.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ