Канада полициясы теракті жасамақ болған топтың мүшелерін қамауға алды, деп хабарлайды Fox News телеарнасы.
Ұсталғандар Британия Колумбиясы провинциясындағы Виктория қаласында жарылыс ұйымдастырмақ болған. Олар бұрын қылмыс жасамаған, тәртіп бұзбаған екен.
Тергеу кезінде айыпталушы Джон Стюарт Натталл мен Аманда Короди Канада күні мерекесінде 1 шілдеде ас үйлік бу қазанынан бомба жасап жармақ болған. Олар жарылғыштың үлгісін биыл 14 сәуірде Америкадағы Бостон марафоны кезінде Царнаевтардың бомбасынан алған.
Тәртіп сақшылары екі күдіктіні екі-үш ай бұрын бақылауға алған. Полицияға олардың қылмыс жасауға ниетті екенін канадалық барлау қызметі хабарлаған.
Қамауға алынған екеуге лаңкестік жасамақ болғаны және заңсыз жарылғыш дайындаған деген айып тағылды.
Дереккөз: bnews.kz