Атырау облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, маусым айының басында жеңілдетілген тәртіппен облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы Әуез ҚҰЛЖАНОВҚА қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.
Ол Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығы күніне арналған шараны өткізуге бөлінген 700 мың теңге бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған еді. Құлжанов өзінің кінәсін мойындап, зиянды толығымен өтеді. №2 Атырау қалалық сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 176-бабының 3-тармағы («Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету») бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. Мұнымен қатар 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет лауазымына отыру құқығынан айырылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ